WorldSkills 2018

WorldSkills 2018

WorldSkills 2018

World Skills — халықаралық қозғалыс, оның мақсаты-жұмысшы мамандықтарды дәріптеу және олардың мәртебесін арттыру. Қазақстан World Skills қауымдастығына 2014 жылы кірді. World Skills чемпионаттары үнемі өткізіліп тұратын әлемнің 76-дан астам елі қауымдастық мүшесі болып табылады.

Байқау «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында өткізіледі.

World Skills Kazakhstan елімізде үшінші рет өтуде. Іс-шараны Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор «Холдингі»КЕАҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Айта кету керек, жоба жыл сайын жастар арасында танымал болып келеді.

2016 жылы біз «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша World Skills Kazakhstan Ұлттық чемпионатына алғаш рет қатысып, 3 орын алдық.

2017 жылы World Skills Shygys облыстық чемпионатын өткізу аясында Электротехника колледж студенттері инженерлік графика, Мехатроника, Дәнекерлеу технологиялары, IT — жүйелерді басқару, электр монтаждау жұмыстары сияқты құзыреттерге қатысты. Байқау қорытындысы:

Студент Лиманский Вильгельм (жетекшісі Керимов С. П.) Мехатроника құзыреттілігінде жүлделі 1-орынға ие болды;

Студент Лобанов Никита (жетекшісі Рахимжанова М. Т.) инженерлік графика құзыреттілігі бойынша жүлделі 1 орынға ие болды;

Студент Жуматаев Дамир (жетекшісі Рахимжанова М. Т.) инженерлік графика құзыреттілігі бойынша жүлделі 3 орынға ие болды;

Студент Шейн Иван (жетекшісі Магавьянов С.З.) электромонтаждау жұмысы құзыреттілігінде жүлделі 3 орынға ие болды.

2017 жылдың мамыр айында Астана қаласында World Skills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өтті, онда студенттер 30 жұмыс мамандығы бойынша өз шеберліктерін көрсетті. ЕТБ-333 тобының студенті Лиманский Вильгельм (жетекшісі Керимов С.П.) «Мехатроника»құзыреттілігінде жүлделі 1 орынға ие болды. ЕТБ -333 тобының студенті Лобанов Никита (жетекшісі Рахимжанова М.Т.) «инженерлік графика»құзыреттілігі бойынша Көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды. Ұлттық чемпионаттағы жеңіс бізге 2017 жылдың қазан айында Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтетін World skills Competition халықаралық чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік берді. Осы құзыретке барлығы 37 елдің өкілдері қатысты  Лиман Вильгельм сертификат алды.

2018 жылғы 4-5 сәуір аралығында Семей қаласында біздің әлеуметтік серіктестеріміздің бірі «Семей машина жасау зауыты» АҚ базасында өңірлік кәсіби шеберлік байқауы — World Skills Shygys чемпионаты өтті, онда студенттер 31 жұмыс мамандығы бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Электротехника колледж студенттері келесі құзыреттерге қатысты: инженерлік графика, Мехатроника, Дәнекерлеу технологиялары, Электр монтаждау жұмыстары.

Байқау қорытындысы:

Студенттер Лиманский Вильгельм және Раисов Исажан (жетекшісі Керимов С. П.) Мехатроника құзыреттілігінде 1-ші жүлделі орынға ие болды;

Студент Лобанов Никита (жетекшілері Нұрманов Н.Қ және Смаилов Д. Н.) инженерлік графика құзыреттілігі бойынша жүлделі 2 орынға ие болды;

Студент Какиев Жалгас (жетекшілері Мұратбекұлы О.және Сапатай Д. А.) дәнекерлеу технологиясы құзыреттілігі бойынша жүлделі 2 орынға ие болды.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-001-1024x682.jpg
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-004.jpg

Добавить комментарий