«World Skills қозғалысын дамыту : мәселелері мен болашағы» тақырыбында онлайн семинар

«World Skills қозғалысын дамыту : мәселелері мен болашағы» тақырыбында онлайн семинар

2021 жылғы 17 наурызда ШҚО колледждері директорларының оқу — өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «World Skills қозғалысын дамыту : мәселелері мен болашағы» тақырыбында онлайн семинар өтті. Семинар жұмысына облыстың ТжКБ жүйесінің 40-тан астам қызметкері қатысты. World Skills қозғалысының даму мәселелері мен перспективалары туралы ШҚО колледждері директорларының оқу — өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы А. Г. Молдиярова баяндама жасады.

Семинар барысында сондай — ақ Семей қ.құрылыс колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары А. С. Нұрғожанова әзірлеген «Шеберлікке қадам» Құрылыс бейініндегі мамандарға арналған World Skills чемпионаттарына дайындық бойынша әдістемелік нұсқаулықтың тұсаукесері өтті. 

Облыстық чемпионаттардың жеңімпаздарын республикалық жарыстарға дайындау бағдарламаларын әзірлеу туралы семинарға қатысушыларға Электротехникалық колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Д.Н. Смаилов айтып берді.

Семинар қорытындысы бойынша облыстық чемпионаттардың жеңімпаздарын республикалық жарыстарға дайындау және колледждердің тәжірибесін республикалық деңгейде тарату бойынша ұсыныстар әзірленді.


Онлайн семинар на тему «Развитие движения World Skills : проблемы и перспективы»

17  марта 2021 года согласно плана областного методического объединения  заместителей директоров по учебно- производственной работе колледжей ВКО состоялся  онлайн семинар на тему «Развитие движения World Skills : проблемы и перспективы». В работе семинара приняли участие более 40 работников системы ТиПО области.

С докладом о проблемах и перспективах развития движения World Skills выступила председатель областного методического объединения заместителей директоров по учебно- производственной работе колледжей ВКО Молдиярова А.Г.В ходе семинара также состоялась презентация методического руководства по подготовке к чемпионатам World Skills для специалистов строительного профиля «Шаг к мастерству», разработанного заместителем директора по учебно- производственной работе колледжа строительства г.Семей  Нургожановой А.С. О разработке программ подготовки победителей областных чемпионатов к республиканским соревнованиям  участникам семинара рассказал заместитель директора по информационным технологиям электротехнического колледжа Смаилов Д.Н. По итогам семинара были выработаны рекомендации по подготовке победителей областных чемпионатов к республиканским соревнованиям  и распространении опыта колледжей на республиканском уровне.

Добавить комментарий