Электротехникадан облыстық олимпиада

Электротехникадан облыстық олимпиада

Арнайы және жалпы кәсіптік пәндер ПЦК біріккен әдістемелік апталығының аясында 2020 жылдың 28 ақпанында «Электротехникалық колледж» КМҚК Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында Электротехника бойынша облыстық олимпиада өтті.

Облыстық олимпиада ұйымдастырушылары «ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру орталығы КММ», жалпытехникалық пәндер ОӘБ  және   Электротехника колледжі жалпы кәсіптік пәндердің циклдық комиссиясы, электротехника пәнінің оқытушысы Е.В. Матвеев және жалпы техникалық пәндер оқытушысы Г.М. Ташкенбаева.

Олимпиада 2 турға бөлініп өткізілді: 1- ші тур тестілеу: 2-тур есепті шығарып, шешу.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар күрделі тапсырмалар дайындады. Қатысушылар өздерінің жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті.     Олимпиадаға бес колледжден 15 студент қатысты.

Олимпиада нәтижесі:

1 орын  — Балтабеков Қ.А., жетекшісі: Маманов К.К., КМҚК «Геологиялық барлау колледжі»

2 орын — Ерзатұлы Е., жетекшісі: Кабзолданова А.С., КМҚК «Геологиялық барлау колледжі»

3 орын — Болатов А., жетекшісі: Беспалова С.В., КМҚК «Геологиялық барлау колледжі»

Командалық есеп бойынша:

1- ші орынды «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК иеленді,
2- ші орын «Көлік колледжі» КМҚК иеленді,
3- ші орын «Радиотехникалық және байланыс колледжі» КМҚК иеленді.

Барлық қатысушыларға мадақтама және сертификат табыс етілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі қарай мамандықтарын игеруде  сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий