ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

Қазіргі уақытта ақпараттық коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарда сай дамуы білімді бағалау мен пайдалану жүйесін өзгертіп отыруды талап етеді. Заман талабына сай сапалы терең білімді меңгеруге ұмтылған өскелең ұрпақтың сандық сауаттылығы қалыптасқан, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана білуді меңгерген. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану оқытушылардың біліктілігіне, білімі мен тәжірибесіне байланысты.

Биылғы әлемді жайлаған СОVID-19  пандемиясының таралуы  нәтижесінде оқытуды ұйымдастырудың жаңа  формасын енгізуді талап етті. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі- қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы білім беру. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?

Қашықтықтан оқыту дегеніміз- мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), офлайн (асинхрондық ), және кең таралған түрі вебинар.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз-интернет ресурстарының көмегімен белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы.

Офлайн режимдегі оқыту дегеніміз-интернет ресурстарының көмегімен (түрлі мессенджерлер) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз- интернет ресурстары арқылы семнарлар, тренингтер өткізу формасы.

Биылғы СОVID-19   пандемиясы жағдайында  оқытудың  синхрондық және асинхрондық формаларын қолдану арқылы өз сабақтарымды өткіздім.

Қашықтықтан оқыту үшін алайда синхронды оқытудың өз қиыншылықтары көрініс тапты.  Олар шалғай ауылдардағы интернет байланысының болмауы, оқушылардың дербес компюьтері, ноутбук немесе смартфонының болмауы мәселелері. Дегенмен қашықтықтан  оқытуда ZOOM  сессияларын, Bilimland, электронды оқулықтар, электронды пошта, Teams командаларын, Whats App және Telegram мессенджерлері арқылы оқу жұмысы ұйымдастырылды.

Қоғамдық пәндер оқытушысы: Тлеубаева С. О

Добавить комментарий