Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Электротехника колледжі» КМҚК «Жас маман» жобасын іске асыру

«Электротехника колледжі» КМҚК IT – бағыт бойынша «Жас маман» жобасында келесі мамандықтарды ұсынады:

1. «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)»

2. «Механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және өнеркәсіптегі автоматика»

3. «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)»

4. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)».

Қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алуға 5 лот бойынша конкурстар жарияланды, бүгінгі күні жабдықтарды жеткізуге 5 шарт жасалды.

Жеткізу мерзімі шартқа сәйкес шарт жасалған сәттен бастап 60 күнтізбелік күн, жеткізу 31.07.2020 жылға дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Колледждің құзыреттілік орталығының үй-жайлары жабдықтарды қабылдауға және орнатуға толық дайын. Барлық қажетті инфрақұрылым жұмыс істейді, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді.

КӨП БІЛУ ҮШІН