Өткенді білмей, бүгініміз бен болашағымызды білу мүмкін емес. Электротехника колледжінің өлкетанушылары оқу орны туралы тарихи мәліметтерді түйіндеп жинады. Тарихи беттерді ашсақ…

Семей қаласының электротехника колледжі өзінің қалыптасу тарихында бірнеше кезеңнен өтті, 150 адам құрамымен техникалық училищеден құрамы1200 оқушыдан асатын екі сатылы оқу жүйесі, сырттай- қашықтық және курстық даярлық бөлімі бар техникалық және кәсіптік білім беретін инновациялық оқу орнына айналды.

Оның бастамасы…

ХХ ғасырдың 50 жылдарының ортасында «Электрлендіру – халық шаруашылығын дамыту негізі» елдің басты ұраны болды. Осыған байланысты электр энергетиктердің кадрларын даярлау қажеттілігі туды. Елде еңбек қорының мектептері мен училищелері құрыла басталды.

1954 жылдың 20 қарашадағы еңбек қорының Қазақ республикалық басқарма басшысының бұйрығымен көлік құрылысы Министрлігінің техникалық мектебінің ішінде Семей қаласында 15 адам құрамында №8 техникалық училище ашылды. ТУ-8 газбен электрмен дәнекерлеушілерді, жол шеберлерін, байланыс механиктерін даярлады. Училищенің құрылу бастамасында Бубнов М.Т., Гонтарь А.Т, Мельник Б.И., завучтар Залуцкий В.М., Гарбузенко П.М., оқытушылар Остертаг Е.М, Панасюк Д.Х., Квасов И.И, Гусев В.А., өндірістік оқу шеберлері Харивский Л.Г., Гетманский В.Р., Демеха Н.П., Бобрик В.П. тұрды.

1955 жылы училищенің мамандандыруы кеңейді, түйіспе торабының монтерлерін, тартқыш қосалқы станцияларын, электромеханиктерді даярлады.

1954 жылдан оқу өндірістік шеберхана базасында оқушылардың өндірістік оқуы ұйымдастырылды.

Өндірістік оқу бойынша үздік көрсеткіштері үшін оқу топтарына грамоталар мен ауыспалы Қызыл Ту берілді.

Педагогикалық ұжым училище оқушыларымен бірігіп, социалистік жарыстарға, шахмат–шашка турниріне, Н.Ф. Диденконың жетекшілігімен драма үйірмелерінің жұмысына қатысты, Семей–Воскресеновка–Петропавловка, Шелеховка–Троицк–Зенковка–Бел–Ағаш–Семей маршруттарымен облыс бойынша туристік жорықтар жүргізілді.

Өндірістік практика барлық Совет Одағының аумақтарында өтті.

1964 жылдың 13 қазанындағы кәсіптік – техникалық білім берудегі Семей облыстық басқармасының бұйрығына сай, №8 техникалық училище электриктердің қалалық №119 (ГПТУ – 119) кәсіптік – техникалық училищесіне ауыстырылды.

Жылдар өтті. Материалдық техникалық база күшейіп, оқу– тәрбиелік үрдісі жетілдірілді. Колледждің түлектері СССР–дің түкпірлерінде жұмыс істеп өздерін үздік маман ретінде көрсете біліп, құрметке ие болды.

Училище түлектерінің қатысуымен 40 мың метрден астам магистральдар электрлендірілді, бұл Москва – Горький – Киров – Свердловск, Москва – Байкал – Нарымское, Москва – Владивосток, Тайшет – Лена, Абакан – Тайшет т.б. Белсенді ізденімпаздық жұмысы үшін ГПТУ – 119 ұжымы бірнеше рет құрмет грамоталармен марапатталды. Г.Гимадиеваның жетекшілігімен «Молодая гвардия» үйірмесі жұмыс істеді, ардагерлермен кездесулер өткізіліп, үгітнасихат жұмысы қызықты ұйымдастырылды.

1984 жылдан оқу орны № 11 (СПТУ – 11) орта кәсіптік техмеханикалық училищесі аталды. Сол кезде оқу орнына жетекшілік еткен Росликов В.В, Баль Е.Р. Сол кезеңнің жетістіктері – БӨА мен А слесарлар экономикалық сараптама өткізілді. Оқытушылар Ленинградта біліктілікті арттырудың Бүкілодақтық институтында білім алды.

Мамандарды даярлауда үлкен үлес қосқан завуч Габитова Р.С., оқытушылар Аюпова Г.Г., Сулейменова Х.К., Коноплева Л.В., Иванько Т.Г., Позднякова Т.Ю., Шапошникова В.И., Демеуова Ф.Г., Липихина А.В., өндірістік оқу шеберлері Золотухин Ю.Н., Оразгалиев Б.А., Магавьянов С.З.

Мамандарды даярлауда жоғары сапасы үшін СПТУ – 11 – № 11 жоғары кәсіптік – техникалық училище (ВПУ – 11) атағы берілді.

1994 жылдың 29 қыркүйектегі депутаттардың облыстық маслихат жиналысының 4 сессиясының «Семей облысының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы туралы» Қаулыны орындау мақсатында жоғары кәсіптік – техникалық училище жеке–мемлекеттік қаржыландыруға көшумен, жоғарғы эксперименталды политехникалық лицейге (ВЭПЛ – 11) ауыстырылуы туралы бұйрық шықты. Жоғарғы эксперименталды политехникалық лицей жоғарғы білікті мамандарды даярлаумен айналысты: техник – электриктерін, техник – технологтарын.

1995 жылдың 11 желтоқсанындағы № 312 Қазақстан Республикасының білім беру Министрлігінің «Орта арнаулы оқу орындарының атауын өзгерту туралы» бұйрық негізінде ВЭПЛ – 11 «Семей электротехникалық колледжі» мекемесіне ауыстырылды.

1998 жылдың 11 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1335 қаулысымен «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің әкімшілік бағдарламаларының сұрақтары» және 1999 жылдың 8 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысын жүзеге асырудың кейбір шаралары туралы» №13 Бұйрығымен, 1999 жылдың 19 қаңтарындағы Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігінің № 638 шешімімен және 1999 жылдың 2 ақпанындағы Шығыс Қазақстан облысы білім Департаментінің №8 бұйрығымен «Семей электротехникалық колледжі» Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы әкімдігінің «Электротехника колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылды.

2008 жылдың 4 қарашасындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің №192 Қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің «Семей электротехникалық колледжі» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Семей электротехника колледжі» болып ауыстырылды.

Оқу орнының дамуына, жоғары білікті мамандарды дайындауда  зор үлес қосқан құрметті демалыстағы оқу орнының ардагерлері: Дедков Станислав Лукьянович- арнайы пәннің оқытушысы, Сулейменова Хазина Какабаевна – жоғары санатты оқытушы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі бұрынғы орынбасары, Матвеев Вячеслав Владимирович- өндірістік оқытудың шебері, Панасюк Валентина Яковлевна- кітапханашы, Ахрем Мария Алексеевна- жатақхана коменданты, Бекпаева Тамара Алексеевна- кадр бөлімінің бақылаушысы, Нанба Юрий Ильич- жүргізуші.

Электротехника колледжінің құрылуы мен өркендеуі Баль Евгений Робертовичтің қызметімен тығыз байланысты. Бұл кісі кәсіптік білім жүйесінде 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеді, қызметтік іс – әрекетін өндірістік оқу шеберінен бастап колледж директорының қызметімен жалғастыруда еңбектегі жетістіктері үшін оған «Кәсіптік білім беру озаты», «Кәсіптік білім ардагері» атақтары, «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері», Ы.Алтынсарин, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталды.

 Педагог мамандығын Евгений Робертович кездейсоқ таңдамаған. Атасы орыс тілі мен неміс тілдерінің мұғалімі болған. Әкесі Роберт Иванович инженер-гидротехник болса да, құрылыс техникумында ұзақ уақыт сабақ берген. Шешесі Алевтина Максимовна дәрігер болып жұмыс істеді. Мейірімділік пен жылы ниетті адамдар арасында өсті. Бала кезінен мақсатқа талпынушылық, еңбекқорлық жетікшілік қабілетімен ерекшеленді. Орта білімді Н.Г.Чернышевский атындағы №1 мектепте алды. Мектептің іс-шараларына белсене қатысып, сынып старостасы, дружина кеңесінің төрағасы болды.

Құрылыс техникумын бітіріп, Евгений Робертович ПМК – 2201 прораб, одан соң аға шебер жұмысын, кейін аяқ – киім фабрикасында инженер қызметін атқарды. 1973 жылы республикалық Жоғарғы комсомол мектебін бітірді. 1974 жылы ГПТУ – 119 жұмыс істей бастады. Өндірістік оқу шеберінен электротехника колледжінің директоры дәрежесіне дейін өсті. 8 жыл бойы қызметкерлер мен оқушылардың кәсіподақ комитетінің босатылған төрағасы болды, 1987 жылы оқу – тәрбиелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары ОТЖ қызметіне сайланды. 1989 жылы екі қызметті бірге істеді:

  • оқу – тәрбиелік жұмыс пен оқу – өндірістік жұмысы бойынша директордың орынбасары. 1989 жылы сырттай Семей педагогикалық институтты үздік бітірді. 1991 жылы қиын өзгерістер кезеңінде СПТУ – 11 басқарды (қазіргі электротехника колледжі).

Баль Е.Р. бастамасы бойынша 2001 жылдан келесі іс-шаралар өткізілді:

  • жауынгер – интернационалистерге, техникалық және кәсіптік білім түлектеріне арналған халықаралық олимпиада;
  • шебер тәлімгерлерге, техникалық және кәсіптік білім ардагерлеріне арналған кәсіптік шеберлік сайысы;
  • 2010 жылы – «Өңір тарихы – жеке тұлғаның рухани, өнегелілікті және азаматтылықты дамыту негізі» халық патриоты, қоғамдық қызметкер, педагог Курмангалиев Бақыткали Мадыбаевичке арналған конференция.

2008 жылдан колледж Ресей Федерациясының оқу орындарымен техникалық және кәсіптік білім жүйесін дамытуға және тәжірибе мен пікір алмасуда байланыс жасауда.

Евгений Робертовичтің жетекшілігімен оқу орнының тарихи экспозициясы құрылды. Оқу орнының мұражайы түлектердің, ардагерлердің, педагогтардың тағдырын айқындайды. Экспозиция көрмесінде – құжаттар мен заттардың түпнұсқалары, тарихи реквиялар, фото суреттер. Колледждің туы мен әнұраны, оқу орынның рәміздері ерекше орын алады.

2013 жылдың желтоқсан айында «Электротехника колледжі» КМҚК басшылық ауысты.

1991 жылдан бастап колледждің бірінші басшысы «Қазақстан Республикасының білім беру озаты», «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин» төс белгісінің, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалінің иегері, директор қызметін зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін атқарған Баль Евгений Робертович болды.

13.12.2013 жылғы №96К Шығыс Қазақстан облысы білім Басқармасының бұйрығы негізінде 16.12.2013 жылдан бастап «Электротехника колледжі» КМҚК директоры қызметіне Сарпеков Азат Толкынович тағайындалды.

Сарпеков Азат Толкынович «Электрлік және электр механикалық жабдықты техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша «Техник-электромеханик» біліктілігін меңгерген «Электротехника колледжі» КМҚК түлегі. Колледжде оқу барысында қоғамдық өмірдің, ғылыми-техникалық конференциялардың, кәсіби шеберлік сайыстарының белсенді қатысушысы, топ старостасы, оқу озаты болды. Колледжді аяқтағаннан кейін Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетін «Электроэнергетика» мамандығы бойынша бітірді.